Мұғалімнің кәсіби дамуына жолдама»  тақырыбымен өзара тәжірибе алмасу

Ағымдағы жылдың сәуір айының 11 күні «Бастау» шығармашылық тобының ұйымдастырумен сарапшы — педагог мұғалімдердің арасында «Мұғалімнің кәсіби дамуына жолдама»  тақырыбымен өзара тәжірибе алмасу, тәжірибе жинақтау мақсатында әдістемелік отырыс өткізілді. Отырыс барысында математика пәні мұғалімдері А. Кенжалинаның,  Л. Төлепованың,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Елшібековтың ұйымдастыруымен «Сабақ барысында қолданылатын қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды тиімді пайдалану»  және бастауыш сынып мұғалімі Г. Бердешованың,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б. Мусинаның ұйымдастыруымен «Мұғалімнің кәсіби дамуында креативті ойлаудың маңыздылығы»  тақырыбында коучингтер өткізілді.