«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-нің асханасына мониторинг жүргізді

2024 жылдың 16 қыркүйек күні ыстық тамақты ұйымдастыру және уланудың алдын алу мақсатында Шалқар ауданының білім бөлімінің ведомствоаралық сараптама топ мүшелері мен Шалқар аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы. Зерделеу барысында мектеп ас блогына қойылатын талаптар, дайын тағамның берілуі, шикізат өнімдерінің сақталуы, тәуліктік сынаманың нормаға сәйкестігі,  асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы мен жалпы асхананың тазалығы толықтай қаралды. Асханаға жауапты қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.