ЖАС ОТБАСЫЛАР АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бүгін, 15 сәуір — «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» ұлттық ғашықтар күні және ауданда жарияланған санитарлық тазалық айлығына орай аудандық жастар ресурстық орталығы мен №8 ЖОББМ жанынан құрылған «Мейірім шуағы» волонтерлық тобының бірлесе ұйымдастыруымен №8 ЖОББМ ауласында жас отбасылар «Отбасылық ағаш» отырғызды.
Шараға 10 жанұя атсалысты. «Ақ жүрек»  волонтерлық тобының мүшесі А. Настауовта өз отбасымен қатысып,  болашақта егілген ағаштар жасыл желекке айналады деген сенімін білдірді.
Бұл шараның мақсаты – әуелі отбасы құндылығына мән беру. Себебі жанұяның тірегі болған азамат өмірде ұрпақ тәрбиелеп, үй салып, ағаш егуі басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Шараға қатысушы отбасы мүшелерінің айтуынша: «Мұндай игі іс-шара халықты экологиялық сана мен мәдениетін дамытуға шақырады», — дейді.
Аудандық жастар ресурстық орталығы осындай игі істі осыған дейін де дәстүрлі түрде өткізіп келеді.