25 желтоқсан 2024 жылы «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-де аудан психологтерінің озық іс-тәжірибелерін аудан көлемінде тарату мақсатында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумда мектеп психологі Жадрасинова Мнира Жанайқызының іс-тәжірибесі таратылды. Шараға «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік құрылымдық бөлімше меңгерушісі Ж.С.Құдайбергенов пен әдістемелік құрылымдық бөлімше әдіскері С.З.Есбосынов, мектеп директоры А.Т.Ажмұратов қатысып, сәттілік тілеймін отырып, психолог мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.