«Бала қуанышы – бәрінен қымбат»: ерекше балаларға арналған мерекелік сый
«І. Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ жастарынан құрылған «Ақ Жүрек» еріктілер тобы және әлеуметтік педагог Э. Қараноғаеваның ұйымдастыруымен «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында «Бала қуанышы — бәрінен қымбат» акциясы аясында мектебіміздің ерекше балаларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында сыйлықтар таратылды. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, өнерлерін көрсетті. Әрбір бала бақытты болуға лайықты!