“Ауаның қандай қасиеттері бар?” тақырыбында ашық сабақ өтті

“І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ” КММ-нің жоспарына сәйкес 02-12 желтоқсан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің “Ұлттық құндылыққа негізделген білім-бастауышта!” атты онкүндігіне орай 03 желтоқсан күні 2 “Б” сыныбында жаратылыстану пәнінен “Ауаның қандай қасиеттері бар?” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз мақсатына жетіп, жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар түрлі тәжірибелер жасап, белсенді қатысты.
Өткізген: Бердешова Г.О