Мектебім – мейірім мекені: директор мен шәкірттің жүрекжарды үндеуі

Ақтөбе облысының білім басқармасы «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-нің директоры Ажмұратов Айбек Тағыбергенұлы мен 11 «Ә»  сынып оқушысы Ұзақбай Назымның

білім мен тәрбие ордасы – әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын қасиетті мекен.

«Мектебім – мейірім мекені» атты республикалық интервью-челлендж аясында өз үні мен шынайы әсерін жеткізуде.

Бұл челлендж – мектепке деген ыстық ықыласты, ұстаз бен оқушы арасындағы рухани байланысты, мектеп ұжымының бірлігі мен жылулығын паш етуге бағытталған.

Біздің мектебіміз – тек білім беретін орда ғана емес, үлкен өмірге жол сілтейтін, адамгершілік пен мейірімділікке баулитын тәрбие орталығы.

Оқушы жүрегіне сенім ұялататын, әр шәкіртке болашағын бағдарлайтын шырақ жағатын мекен!