Мектебім – мейірім мекені: 1 қыркүйек – Білім күні салтанатты түрде аталып өтті
«Мектебім – мейірім мекені»
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
Бүгін мектебіміздің ауласы мерекеге бөленді! 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған
«Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.
✨ Биыл 1-сыныпқа 80 бүлдіршін қабылданып,
алғашқы қадамдарын үлкен қуанышпен бастады.
Олар салтанатты саппен шығып, құрмет — қошемет көрсетілді.
Алғашқы мектеп күні олар үшін ұмытылмас сәтке айналды.
Бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Кішкентай жүректердің қуанышы көрерменге шаттық сыйлады.
🎓 Өткен оқу жылы жылы қорытындыланып, мектеп қабырғасын аяқтаған түлектеріміздің жетістіктері мақтанышпен атап өтілді.
🎤 Салтанатты жиынға арнайы қонақтар:
– Білім бөлімінің әдіскері Жеткергенова Айтолқын Салмурзаевна
—Ардагер ұстаз Ахмет Кенжебике Амандыққызы
– Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шакаева Башан Жаңабаргенқызы
‐- Ардагер ұстаз Тұрғанбаева Бибігүл Молдағалиқызы
– Ата-аналар атынан Ембергенова Дариға Хайыржанқызы қатысып,
жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
🚸 Сондай-ақ Шалқар ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Наржанов Қанат оқушыларға қауіпсіздік ережелері,
жолда жүру ережелері мен буллингтің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
📌 Жаңа оқу жылы — жаңа белестер мен жарқын жетістіктердің бастауы болсын!
#1Қыркүйек #БілімКүні #МектебімМейірімМекені #ЖаңаОқуЖылы #МектепМерекесі #1Сынып2025 #ШәкіртҚадамы #ҰстазТілегі #АтаАнаҚолдауы #МектепЖетістігі2025
@shalkarbilim
@abk_020290
@azmuratovaibek1984