І.Үргенішбаев атындағы мектепте жаңа оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті
28 тамыз 2025 жылы «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ де «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті. КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
- Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау. Педагогикалық кеңеске Ақтөбе «Өрлеу» БАҰО-ның аға оқытушысы Ермекбаева Ләззат Жеңісқызы қатысты. Педагогикалық кеңестің төрағасы қаралған мәселелердің қорытындысын шығарып, түйінді қорытындылар мен ұсыныстарды бекітті. Күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша нақты шаралар, оларды орындау мерзімдері және жауапты орындаушылар белгіленді.