Білім күні: оқушыларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-де
1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні Шалқар ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Наржанов Қанат арнайы қатысып, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге жол қозғалысы қауіпсіздігі мен теміржол бойындағы тәртіп ережелері жөнінде мәлімет берді.
Мақсаты:
– Оқушыларға темір жол аумағында және көшеде жүріп-тұру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
– Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол белгілерінің маңызын ұғындыру;
– Жазатайым оқиғалардың алдын алу арқылы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған дағдыларды дамыту;
– Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жауапкершілік пен сақтықты бала бойына сіңіру.