«Құқықтық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді
9 желтоқсан 2024 жылы «Құқық -әділет парасат жолы» апталығы аясында мектебіміздің жанынан құрылған «Назерке» қыздар ұйымының жетекшісі С.Құлымованың ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа Шалқар аудандық Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, капитан: Б.Журмагамбетова, мектебіміздің педагог-психологтары : А.Махамбетова, М.Жадрасинова, А.Әбдіғалиева, мектебіміздің медбикесі : Б.Ниязмағанбетова қатысты. Жиналыста қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді. Қыздар тәрбиесіне арналған кеңестер берілді. Мектебіміздің психологтары психологиялық кеңестер берді. Мектеп медбикесі Б.Ниязмағанбетова қыз балалардың арасында ерте жүктіліктің зияны мен алдын алу бойынша түсінік берді.