«Өлеңім- өнерімнің айнасы» тақырыбында зейнеткер -ұстаз, ақын Мұқанова Шолпан Байғазықызымен сыр — сұхбат өткізілді.
Ақтөбе облысының білім басқармасы «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Бірлік және ынтымақ» айындағы «Балалар кітапханасы» жобасының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Өлеңім- өнерімнің айнасы» тақырыбында зейнеткер -ұстаз, ақын Мұқанова Шолпан Байғазықызымен сыр — сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында оқушылар Шолпан Байғазықызының өмірбаянымен танысып, ақынның жыр — шумақтарын мәнерлеп оқып, өздерінің түрлі сұрақтарын қойды. Оқушылар Шолпан Байғазықызының сыр — сұхбатынан рухани қуат алып, әсерлі жырларын тыңдап қайтты.Сыр — сұхбатқа 7-8 сынып оқушылары, Қалалық 2 кітапхананың кітапханашылары: Әбдікова Роза Жәдігерқызы. Қыстаубаева Жадыра Шамшадинқызы, Қалалық 3 кітапхананың кітапханашысы Сәрсенбаева Шыражан, Аналар кеңесінің мүшесі, Желтоқсан оқиғасының куәгері Үмбеталина Жұлдыз Үмбетәліқызы қатысты.