«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
«І. Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ бойынша 2024-2025 оқу жылы қараша айының 25-29 күндері аралығында «Құқық – әділет парасат жолы» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес кітапханашы С. Еспенбетова, әлеуметтік педагог Э. Қараноғаева, арнайы педагог Г. Сәнкібайдың ұйымдастыруымен 8 сыныптарға «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Оқушыларға шара барысында мәліметтер айтылып, сұрақтар қойылды. Оқушылар өз пікірлерін білдірді. Мақал-мәтелдер айтылып, тренингтер ұйымддастырылды. Кері байланыс жасалып, оқушылар мәтін бойынша пікірлерін стикерлер арқылы білдірді.