“Тіл — достықтың алтын көпірі”
“І. Үргенішбаев атындағы ЖОББМ” КММ-де “Тіл — достықтың алтын көпірі” атты он күндігі аясында 24.09.2024 күні 10 сыныптар арасында “Абай әлемі” атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеште оқушылар көрініс көрсетіп, “Жастарға” өлеңін жатқа айтып, Абай Құнанбаевқа арнау арнады. Кештің соңында кеш қонақтарымен Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған “Көзімнің қарасы” әнін орындады.
Кешті өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Г. Қожанова