«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру»
«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ- де қыркүйек айының 26 күні «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру» тақырыбында ата- аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп инспекторы Е.Нагимбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.М.Таумекенов, мектеп психологы А.Махамбетова қатысты. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі жайында ақпараттар берілді.Қазіргі елді алаңдатып отырған оқушылардың желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болуы басты назарға алуы керек екені айтылды. Сонымен қатар, бала қауіпсіздігі, ұялы телефонның зияны, үнемі қадағалауда болу керектігі, мектептегі ішкі тәртіп, түнгі мезгілде жүрмеу, ұрлық, балалар арасындағы әлімжеттіктің алдын алу керек екендігі жөніндегі өзекті мәселелер айтылды.