«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру»
«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ- де қыркүйек айының 26 күні «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру» тақырыбында ұжым мүшелерімен жалпы жиналыс өткізілді.
Мектеп инспекторы Е.Нагимбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.М.Таумекенов, мектеп психологы А.Әбдіғалиева қатысты. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі жайында ақпараттар берілді.Қазіргі елді алаңдатып отырған оқушылардың желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болуы басты назарға алуы керек екені айтылды. Оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсіренен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екені ашық түсіндірілді.