Ер балалардың арасында әлімжеттіктің өршуі

«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-де қыркүйек айының 9 -күні мектептің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.М.Таумекеновтың және мектеп инспекторы Е.Нагимбаевтың қатысуымен 9-11 сыныптың білім алушыларына ер балалар жиналысы өткізілді.Мақсаты: ер балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың, әлімжеттіктің алдын алу. Жиналыс барысында: Ер балалардың арасында әлімжеттіктің өршуі, белең алып бара жатқан әлімжеттілік мәселесі туындаған жағдайда сынып жетекшіге, мектеп психологтарына жасырмай айту керектігін, шешімін табуға болатындығын баса айтылды. Сонымен қатар жалған ақша ұстау, төлемді  түрлі алдау жолдарымен төлеу, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, мектептің ішкі ережесіне бағыну, себепсіз сабақтан қалмау, автокөлік айдауға, мейрамхана, кафе, сауықтындыру орындарында жұмыс жасауға қатаң тыйым салынатындығы жайында жан- жақты  түсіндіру жұмысы жүргізілді.