«Жақсылықтың абзалы құран бағыштау»

«Жақсылықтың абзалы құран бағыштау» — деген қазақ халқы. Мектебімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты батыр атамыз І.Үргенішбаевтың мүсінінің орны ауысқан болатын. Соған орай батыр атамыздың рухына гүл шоғын қойып, құран бағышталды. Мектебіміздің ардагер ұстаздары Жолекенов Зинельабдин ағай, Алдерзин Сұлтан ағай мен Төлегенов Құдайберген ағайлар  және осы мүсінді орнатқан 1975 түлектердің атынан Ноғаев Саматбай мен Даулеталин Қонысбай ағайлар қатысты.