Бүгін «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!

🙋🏻♀️Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер!

📣Бүгін «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!

🧮Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы  5%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған.

✅ «Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші 18 жасқа толмауы керек. Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті болу керек.

💡Мысалы, талапкердің өзі (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті).

❓Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

🙋🏻♀️Привет, абитуриенты-2024!

📣Сегодня хотим предоставить информацию о квоте «многодетная семья»!

🧮Квота для детей из семей, в которых воспитывается четыре и более несовершеннолетних детей составляет 5%. То есть, 5% от общего количества грантов будут распределяться по данной квоте. Например, в 2024 году по направлению «Педагогические науки» выделено 13 735 грантов, из них 687 грантов или 5% детям из многодетных семей.

✅ Для участия в конкурсе грантов по квоте «многодетная семья» поступающий должен быть младше 18 лет. В семье должно быть минимум 4 несовершеннолетних детей, в том числе студенты очного отделения вуза или колледжа до 23 лет. 

💡Например, сам абитуриент (младше 18 лет) + 1 ребенок (младше 18 лет) + 1 ребенок (младше 18 лет)  + 1 ребенок (студент очного отделения вуза или колледжа до 23 лет).

❓По дополнительным вопросам вы можете обратиться в приемные комиссии вузов. Их контакты опубликованы на нашем Telegram-канале.