13 ШІЛДЕДЕ ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
📍Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.
📃2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.
🖋Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/